«МАЭК» ЖШС мекемесі Каспий теңізі деңгейінің төмендеп кетуіне байланысты су арналары аумағын тереңдету жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Ауыз суын өндірудің технологиялық процесі су арналарынан басталады. Біз өткен қыс айларынан бастап тереңдету жұмыстарын жүргіздік. Осы жаз маусымында қала халқын толық ауыз сумен қамтамасыз етеміз деп отырмыз. Сол үшін қолымыздан келгенше тырысамыз», - деді «МАЭК» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары Сәбит Желкушинов.
Оның айтуынша, жаз маусымы басталғалы бері ауыз су тұтыну көрсеткіші өсе бастаған. Қала тұрғындары бір ай бұрын тәулігіне 36-37 мың текше метр су тұтынса, қазір ол көрсеткіш 39-40 мың текше метр су мөлшеріне ұлғайған. Алдағы аптап ыстықта бұл көрсеткіш өсе түседі. Ал «МАЭК» ЖШС мекемесі 52 мың текше метрден артық су өндіре алмайды.
Сондай-ақ, мекеме басышылығы 1 мамырға дейін жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтады.