Ақтауда инженерлік желілердің 80 пайызы тозып тұр. Осыған байланысты жылыту маусымы кезінде жылу желілерінде бірнеше апат болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Инженерлік желілердің тозу деңгейі жоғары болуына байланысты жылыту маусымы басталғаннан бері желілерде 667 зақымдану орны анықталды. Оның ішінде 49 ақау магистральдық тарату желілерінде, 618 ақау басқа жылу желілерінде болды. Барлық ақау жойылды. Келесі жылыту маусымына дайындалу үшін «Ақтау қаласының магистральдық жылу желілерін қайта құру және салу» жобасы аясында «МАЭК» ЖШС мен КЖСА-ға тиесілі желілерді ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланған", - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Нұрпейісов.