Ақтауда бүгін шағынаудан ішілік жолдарға 4 тонна құм-тұз аралас қоспа себілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Аталған жұмыстарға 200-ден астам қызметкер жұмылдырылды. «Ақжол+К» мекемесінің қызметкерлері шағынаудан ішілік автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазалап, 4 тонна құм-тұз аралас қоспасын септі.
Атап айтқанда:
-27 ш/а, периметр бойынша;
-16 ш/а, 11 тұрғын үй маңы;
-16 ш/а, 42 тұрғын үй маңы;
-11 ш/а, 27,34 тұрғын үй периметр бойынша;
-16 ш/а, периметр бойынша;
-26 ш/а «Достық» сауда үйінің маңы, периметр;
-33 ш/а, периметр бойынша;
-17 ш/а, 21, 24, 25 тұрғын үй маңы;
-8 ш/а, периметр бойынша;
-2 ш/а, периметр бойынша;
-11 ш/а, периметр бойынша жұмыстар атқарылды.