Ұлттық ұланынның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтаудағы 6656 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен бөлім біріншілігі өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Cайыстың мақсаты - әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен қатар қазақ күресінің танымалдылығын арттыру болып табылады. Cайысқа 7 салмақ дәрежесі бойынша 50 ден аса адам қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды атқыштар ротасы иеленіп, ал екінші орынды жедел мақсаттағы батальонның жауынгерлік қамтамасыз ету ротасы қанжығасына байлады, үшінші орынды екінші жедел мақсаттағы рота қанағат тұтты.
Сондай-ақ, қатысушылар арасында, «үздік балуан», «үздік техника», «жеңіске деген талпыныс» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Жарыс сонында жүлделі орын алғандарға медаль, кубок, мақтау қағаздары табыс етілді.