Жаңа тарифтер қолданысқа ақпан айының аяғы немесе наурыздың басында енбек. Бұл туралы қалалық әкімдікте айтылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қоғамдық көлікте жол жүргені үшін дифтарифті енгізу туралы құжат Маңғыстау облысының Әділет департаментінде тіркеліп жатыр.
Тасымалдаушылардың кірістерін көлеңкеден шығару үшін сараланған жол ақысын енгізу 2021 жылдан бастап жоспарланған болатын. Ол кезде электронды төлем кезінде ересектер үшін 70 теңге, балалар үшін 35 теңге болса, ал қолма қол ақшамен ересектер үшін 140 теңге және балалар үшін 70 теңге болатыны айтылды.
Алайда, тариф жақында ғана бекітіліп, бағаға өзгеріс еніп отыр. Енді Ақтау қаласы әкімінің қаулысына сәйкес сараланған тариф бекітілді. Осыдан кейін ересек адамның жолақысы үшін қолма - қол ақшасыз төлем 70 теңгені, ал қолма-қол ақшамен-100 теңгені құрайды. Автобуспен жүру балаға қолма - қол ақшасыз есеп айырысу үшін 35 теңге, "кэш" үшін 50 теңге тұрады.