Маңғыстау тұрғынынын тексеру кезінде оның сөмкесінен есірткі заттары табылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 ақпан күні сағат 12:50 шамасында облыста өткізіліп жатқан “Anti fraud” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес, Мұнайлы ауданы Атамекен ауылының 46 жастағы азаматын тексеру кезінде целлофан пакетке оралған 2 дана “марихуана” есірткі заты тәркіленді.
Күдіктінің үй-жайын одан әрі тінту барысында оған тиесілі сөмкенің ішінен 10 дана “марихуана” табылып, полицейлермен тәркілеп алынды. Алынған заттардың салмағы 416 грамды құраған.
Аталған дерекке сәйкес қылмыстық кодекстің 296-бабы (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.