"Қазпошта" АҚ филиалында арнайы қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен келіп түскен және жөнелтілетін сәлемдемелер тексерілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтың ПД-іне сілтеме жасай отырып.
Іс-шараға Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері атсалысты.
Мақсаты - пошта жөнелтілімдерінде контрабанданы, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау және оның алдын алу.
Жүргізілген профилактикалық тексеру нәтижесінде күдікті заттар табылған жоқ.
Мұндай іс-шараларды полиция қызметкерлері апта сайын өткізіп отырады.