Маңғыстаудағы "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі аумағында бекіре тұқымдас балық аулаған өңір тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Бекіре" жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде теңіз жағалауындағы бірлескен рейдтік-бақылау жұмыстары Жаңаөзен тұрғыны тыйым салынған балықты аулағаны үшін полиция қолына табысталды.
"5-7 сәуір күндері аралығында "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Адамтас" мемлекеттік табиғи қаумалының кезекшілікте жүрген мемлекеттік инспекторлары, "Кендірлі" шекара қызметкерлері және табиғат қорғау полиция қызметкерлерімен бірге "Бекіре" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында, теңіз жағалауына бірлескен рейдтік-бақылау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Жаңаөзен қаласының тұрғыны заңсыз аулаған 2 дана Бекіре тұқымдас барлығымен ұсталды. Жоғарыда аталған азамат затарымен бірге, тиісті хаттама толтырылып, Қарақия аудандық полиция бөліміне табысталды", - деді парк директоры Мыңберген Қаратауов.
Бұған дейін табиғи парк инспекторлары парк аумағында арқарлардың төлдеуіне байланысты қаумал аумағындағы тыныштық қамтамасыз ететіндіктерін мәлімдеген еді. Жылдағы үрдіс бойынша дала жануарлары наурыз айының соңынан бастап мамырға дейінгі аралықта төлдейді.