Су тасқынына байланысты Құлсары қаласынан Маңғыстауға келген Гүлжан Айтухашева ақтаулық мұғалімдерге алғысын айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
61 жастағы Гүлжан Айтухашева Құласары қаласының тұрғыны. Зейнеткер су тасқынына байланысты Құлсары қаласынан 5 сәуір күні отбасымен Ақтау қаласына эвакуацияланды. Гүлжан Айтухашева №19 мектеп-гимназиясының мұғалімдеріне қарсы алып қажетті көмек бергені үшін ризашылығын білдірді.
-№19 мектеп-гимназиясы физика пәнінің мұғалімі Шырынгүл Жауперова және дене шынықтыру пәні мұғалімі Айнагүл Мадиеваға алғысымды айтамын. Бізді қарсы алып, қолдан келгенше көмектерін беріп жүр. Директорына да ризашылығымды білдіремін. Қайта-қайта келіп, хал-жағдайымызды сұрап кетеді. Маңғыстау халқына рақмет! Еліміз аман болсын!, - деді Құлсары қаласының тұрғыны Гүлжан Айтухашева.