Қызылсай ауылында Сүгір Бегендікұлының 130 жылдығына арналған «Ішірде мен Адайдың Сүгірі едім» атты жас жыршы-термешілер сайысы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жыршы-термешілер сайысына 12-16 жас аралығындағы 10 өнерлі талапкер қатысты.
«Жаңаөзен қалалық мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Гүлайым Бақытқызы Сүгір жырау Бегендікұлының өнегелі өмірі мен өнеріне арналған шаралардың жыл бойына жалғасатыны туралы айтты. Сондай-ақ жас өрендерге сәттілік тілеп, жыр-терме үйірмелерінің жетекшілері мен көрермендерге және байқауды жүргізуші, жас жыршылардың ұстазы Қармыс Разбаевқа ризашылығын білдірді.
Байқау қорытындысында:
Бас жүлдеге - Серікбол Базылбек, «Ұзақбай жырау Қазжанұлы» мәдениет үйі;
І орынға – Гүлназ Кенжетай «Кендірлі» ауылдық мәдениет үйі;
ІІ орынға – Әділ Дариябай «Мұнайшы» мәдениет үйі;
ІІІ орынға – Аружан Дәуленбаева «Мұнайшы» мәдениет үйі қатысушысы ие болды.