Бүгін Қызылсай ауылында Наурыз мейрамы басталды. Ұ. Қазжанұлы атындағы Мәдениет үйі алаңына сахна құрылып, киіз үй тігілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мереке қарсаңындағы әсем ән, ақшаңқан үй жиналған жұрттың көңілін көтерді. Ал кәсіпті нәсіп еткен жандар тоқыма, қолөнер бұйымдарын көрмеге қойып, жәрмеңке өткізді.
Тұрғындарды Жаңаөзен қаласының әкімі Ж.Қайнарбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғ.Байжанов, ауылдағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Каменов наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін арнады. Әрі қарай әжелер ансамблі, әншілер мен бишілер өнер көрсетіп, мерекелік шараны концерттік бағдарламамен жалғады.