ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы мамырда құзырлы органдармен бірлесіп, Каспий акваториясында 21 браконьерлік деректерінің алдын алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 дана жүзу құралдары, жалпы ұзындығы 36,7 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары, 75 дана (703 кг) бекіре тұқымдас балықтар, 3 487 дана (5 605 кг) таза тұқымдас балықтар тәркіленген.
Келтірілген шығын сомасы 279 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар құқықбұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.