Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті 1 маусым күні әлеуметтік желідегі Ақтау қаласы тұрғындарының кешкі уақытта ауадағы жағымсыз иіс бойынша шағымдары бойынша зерттеу жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Департамент мамандары Ақтау қаласы, Басқұдық елдімекені мен өндірістік аумақтардың атмосфералық ауасына өлшем жұмыстарын жүргізді.
«Жүргізілген мониторинг барысында Басқұдық елдімекенінде орналасқан "Мұхамбет" медицина орталығының жанында орналасқан қоқыстар контейнерлерінің өртену фактісін анықтады.
Өртену аумағының атмосфералық ауасына жүргізілген өлшем жұмыстары қортындысы бойынша күкірт суттегі көрсеткіші шекті рауалы концентрациясынан 0, 062 мг/м3 (ШРК-0,008) тыс асуы анықталды», деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, жедел түрде төтенше жағдай департаментіне хабарланып, өрт сөндірілді.