© Фото: azertag.az
Қазақстандық «Қашаған» кенішінен алынған мұнай Каспий теңізі арқылы Ақтау-Баку бағытында тасымалдана бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңа бағыт бойынша тасымал «Әзербайжан Каспий теңіз пароходы» ЖАҚ (ASCO) Теңіз көлік флотына қарасты «Академик Хошбахт Юсифзаде» танкерінің көмегімен жүзеге асырылады деп күтіліп отыр.
АЗЕРТАДЖ агенттігінің жазуынша, бірінші партия аясында танкердің резервуарына барлығы 6 900 тонна шикі мұнай тиелген. Ақтау портынан сапарға шықан танкер Әзербайжанның «Сангачал» терминалына жеткізіледі.
Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиевтің қатысуымен 2022 жылы іске қосылған «Академик Хошбахт Юсифзаде» танкері 7800 тонна жүк көтере алады. Бұл танкермен мұнаймен қатар химиялық өнімдерді де тасымалдауға болады.