ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы өткен жылдың есебін ұсынды. Көрсеткіш бойынша жол-көлік оқиғалары да, қаза тапқан адамдар саны да алдыңғы жылдарға қарағанда өскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өткен жылы өңірде 448 жол-көлік оқиғасы орын алып, 652 адам зардап шегіп, 108 адам қайтыс болған. Оқиға саны 2021 жылмен салыстырғанда 56 пайызға өскен.
- Балалардың қатысуымен 129 жол-көлік оқиғасы орын алып, 13 бала қаза болды, 147-сі жарақат алған. Бұл дегеніміз – қаза болған балалар саны – 160 пайызға өскендігін көрсетеді. Жаяу жүргіншілер жолында кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қағып өту оқиғасы да өсіп отыр, - деді басқарма өкілдері.