21-23 наурыз аралығында Маңғыстау облысының 50 жылдық және Ақтау қаласының 60 жылдық мерейтойына арналған 50 жастан асқан мемлекеттік қызмет ардагерлерінің сондай-ақ спорт және еңбек ардагерлерінің арасында бильярд спортынан халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл жарыс Маңғыстау облысында тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отыр. Жарыста ҚР барлық облысынан 18 команда бақ сынайды деп күтілуде.
Турнир 21 наурыз күні «Халық Арена» спорт кешенінде басталып, екі күнге созылады.