
Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев қаланың санитарлық тазалығын тексерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкім «Ақ желкен» тұрғын үй массивіндегі қоқыс орны бойынша жауаптыларға аталған жерден қоқысты алып тастауды тапсырды. Қала басшысы аталған жер қоқыс полигонына айналмас үшін камералармен қамтамасыз ету керегін айтты.
- Қала қоқыс алаңына айналмауы керек. Сондықтан жауапты бөлімдер, полиция, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бей-жай қарамай қоқыс төгетін орындарды уақытылы тексеру керек. Жауаптылар «Ақ желкен» тұрғын үй массивіндегі қоқыс үйілген жерге камералар орнатылуын қамтамасыз етіңіздер. Полиция қызметкерлері газельмен келіп қоқыс тастаған азаматтарға ескерту беру керек. Қоқыс үйіндісін арнайы полигонға апару қажет, - деді қала әкімі Ұлықбек Тінәлиев.