Еліміздің Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапарының аясында Қарақия ауданындағы бірнеше эвакуациялық пунктке арнайы барды, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz.
Бүгін өңірде болған Үкімет мүшесі Құрық ауылында орналасқан «Бастау» жатақханасындағы эвакуациялық пунктке болып, 500 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар орталық жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, Қарақия кәсіптік колледжінің жұмысымен танысып, алда атқаратын қызметтеріне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, бүгінгі күні 160 - қа жуық құлсарылық тұрғындар орналасқан эвакуациялық пунктке барып, тұрғындардың жай - күйімен танысып, әрқашан олар бірге екенін жеткізіп, қолдау білдірді.
Ғани Бейсембаев жұмыс сапары аясында, Құлсары қаласының және Қарақия ауданының тұрғындарымен бірге республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысып, тал көшеттерін отырғызды. Айта кетейік, министрдің жұмыс сапары Ақтау қаласында жалғасып жатыр.