Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен білім беру саласындағы ерекше жетістіктері және еліміздің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін еліміздің 17 мұғаліміне «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» құрметті атағы берілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Министрліктің бұйрығымен марапатталған мұғалімдерге 1000 АЕК көлемінде біржолғы төлемақы төленді.
Естеріңізге сала кетейік, атақ иегерлерінің арасында «Ақшұқыр мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Әлия Қадірова бар.