«Жолаушылар тасымалы» АҚ Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгеретіні туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 желтоқсанында Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарында болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты келесі жолаушылар пойыздары тоқтатылады:
- №77 Алматы-Маңғыстау пойызы 17 сағат 37 минутқа кешікті, қарсы бағытта Маңғыстау станциясынан пойыз 17 желтоқсанда сағат 02.00-де 17 сағат кешігумен жолға шығады;
- №7 Алматы-Саратов пойызы 11 сағат 50 минутқа кешігуде, қарсы бағытта 17.12.23. Саратов станциясынан пойыз 10 сағат кешігумен 23:59 минутта жөнелтіледі;
- №33 Алматы-Ақтөбе пойызы 21 сағат 20 минутқа кешігуде, қарсы бағытта 17 желтоқсанда Ақтөбе станциясынан пойыздың жөнелтілуі тоқтатылды;
- №15 Алматы-Петропавл пойызы 11 сағат 37 минутқа кешігіп, қарсы бағытта 17.12.23. Петропавл станциясынан пойыз сағат 01:00-де 9 сағат кешігумен жолға шығады;
- № 509 Алматы-Орал пойызы 18 сағат 30 минутқа кешікті, жөнелту кестесін сақтайды;
- № 511 Алматы-Атырау пойызы 20 сағатқа кешігіп, жөнелту кестесін сақтайды;
- № 21 Семей-Қызылорда пойызы 7 сағат 28 минутқа кешікті, қарсы бағытта 17.12.23 күні Қызылорда стансасынан пойыз кестеге сәйкес жолға шығады;
- № 23 Алматы-Ақтөбе пойызы 9 сағат 15 минутқа кешікті, қарсы бағытта 18 желтоқсан күні Ақтөбе станциясынан пойыз 2 сағат кешігумен сағат 01:00-де жөнелтіледі;
- №33 Ақтөбе-Алматы пойызы 7 сағат 15 минутқа кешікті, қарсы бағытта 18.12.23 күні Ақтөбе станциясынан пойыз сағат 01:15-те шығады;
- № 27 Алматы-Орал пойызы 9 сағат 38 минутқа кешікті, қарсы бағытта 2023 жылдың 18 желтоқсанында Орал станциясынан пойыз 3 сағат кешігумен сағат 02:00-де жөнелтіледі;
- № 22 Қызылорда-Семей пойызы 13 сағат 03 минутқа кешікті, қарсы бағытта 17.12.23 күні Семей станциясынан сағат 00:30-да пойыз 11 сағат кешігумен жолға шығады;
- №386 Бішкек-Новосибирск пойызы 10 сағат 04 минутқа кешікті, қарсы бағытта 2023 жылдың 17 желтоқсан күні Новосібір станциясынан пойыз 6 сағат кешігумен сағат 16:00-де жөнелтіледі;
- № 21 Қызылорда-Семей пойызы 9 сағат 53 минутқа кешікті, қарсы бағытта 17 желтоқсан күні Семей станциясынан 9 сағат кешігумен сағат 23:00-де жөнелтіледі;
- №26 Шымкент-Алматы пойызы 12 сағат 25 минутқа кешікті, қарсы бағытта 17.12.23 күні Алматы 2 станциясынан пойыз 2 сағат кешігумен 01:00-де жөнелтіледі.
Келесі жолаушылар пойыздары да уақытша тоқтатылды:
- 16 желтоқсан күні Атырау станциясынан №29/30 Атырау – Алматы 1 пойызы жөнелтіліп, 18 желтоқсанда Алматы-1-ге оралады.
- 17 желтоқсанда Ақтөбеден жолға шыққан №34/33 Ақтөбе Алматы-1 жылдам пойызының жұмысы тоқтатылды. 18 желтоқсанда Алматы-1-ге келеді. Ал 18 желтоқсанында Алматы-1-ден шығып, 20 желтоқсанда Ақтөбеге келеді.
Қосымша ақпарат алу үшін жолаушылар «1433» тегін нөміріне, сондай-ақ «KTZH_PP_BOT» Telegram ботына хабарласа аласыз.