Мұнайшы ауданының әкімі Дәулет ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Аудандық мәслихат төрағасы Берік Біләлов те кездесуге қатысып, ауыл әкімі Жанболат Жақаев тұрғындар алдында есеп берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәулет тұрғындары асфальт, кәріз құбыры, ойын алаңы, ауыз су мәселесін көтерді. Ал Ержан Күмісқалиев мәселелер шешімін тауып жатқанын айтты. Мәселен, алдағы уақытта Маңғыстау ауылындағы кәріз жүйесі пайдалануға берілсе, кәріз суларын Даулет ауылына емес, Ақтау қаласының КОС-2 торабына қосылатынын жеткізді. «Осылайша бұл мәселені түбегейлі шешуге болады» деді әкім.
Сондай-ақ, ауылдағы барлық ойын алаңы қайта жаңғыртудан өтпек.
Ал ауылды көгалдандыру, тазалық, грейдер төсеу сынды мәселелер ауыл әкімінің күн тәртібінде тұр.