Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграм-арнасында қала тұрғындары осы сауалды жолдады. Осыған дейін жауаптылар ыстық су 19 қыркүйекте берілетінін айтқан еді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Сәлеметсіз бе! Ыстық су қашан беріледі? 15 қазаннан кейін? Немесе 25 қазанға дейін күтпей-ақ қояйық па?
- Ыстық су туралы 14ш/а қызмет көрсетуші мекемесі су берілді, бірақ айналымсыз деп жауап беруде.
-Ал аналарыңызбен ант етіп, 19 қыркүйекте қайта ыстық су беруді бастаймыз дегендеріңіз қайда??? Сіздерде ар-ұят бар ма???
- Сонымен 19 қыркүйекке жеттік. Уәде етілген ыстық су қайда? Екі мүгедек баланы суық суға қалай шомылдыруға болады?
- 5ш/а 8 үй ыстық су ағып тұр. Бірақ ыстық емес, әлі де суық.
Бұл ыстық су мәселесін көтерген тұрғындар өтінішінің аз бөлігі ғана.
«Каспий жылу, су арнасы» МКК хабарлағандай, жүргізілген гидравликалық сынақтардың нәтижесінде жылу желілерінің кейбір бөліктерінде жарылулар анықталған.
«Гидравликалық сынақтардың нәтижесінде жылу желілерінде үзіліс анықталмаған барлық мекен-жайларға бүгіннен бастап ыстық су беріледі», - деді «Каспий жылу, су арнасы» МКК директорының орынбасары Ислям Үсенов.