Бұл туралы Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Нұрәділ Иманғалиев айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінгі таңда Үкіметтің қолдауымен 8 ішкі бағытқа (Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Көкшетау, Шымкент, Түркістан, Орал) және 13 халықаралық бағытқа шетел және көршілес елдерге (Ыстамбұл, Лондон, Баку, Тбилиси, Кутаиси, Мәскеу, Екатеринбург, Грозный, Ереван, Астрахань, Минводы, Махачкала, Сари) рейстер орындалады.
Облысымызда теміржол қатынасымен үш халықаралық бағытта (Астрахань, Саратов, Нүкіс) және ішкі бағыттар бойынша 7 бағытта (Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Семей, Бейнеу) жолаушылар тасымалы жүргізіледі.
Екінші және үшінші тоқсанда туризмді дамытуға серпін беретін бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, 17 мамырға дейін Ақтауда спорттық және жауынгерлік самбодан кадеттер, жасөспірімдер, жастар және шеберлер арасында Азия және Океания чемпионаты өтеді.
2024 жылдың жазында Үрімжіде (ҚХР) Маңғыстау облысының мәдени күндері өтеді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 28-30 тамызда Ақтауда басталып, 8-14 қыркүйекте Астанада өтеді.