Бейнеуліктер су тасқынынан эвакуацияланған Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғындарын өз үйлеріне орналастырып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Кең пейілді жандардың қатарында Ырысбике Урбишева да бар. Ол үйіне 3 отбасыны кіргізіп, ас-су ұсынып, қажет дүниелерін тауып беріп отыр.
- Осындай қиын қыстауда көмек беру азаматтық борышымыз деп білемін. Халық болып Құлсары тұрғындарына жан-жақты жағдай жасауға ниеттіміз, - деді Ырысбике Урбишева.
Құлсары қаласының халқы жергілікті тұрғындарға алғысын жаудырды.
- Ауылымыз түгелдей дерлік су астында қалды. Соған байланысты осындай көмек көрсетіп, Бейнеуге көшірді. Келген үйіміздің жағдайы жақсы. Тамағымыз дайын. Алғысым шексіз!, - деді Жылыой ауданының тұрғыны Әбілкарим Бірекейев.