Бейнеу ауданы Сарға ауылындағы Ә.Жанкелдин атындағы орта мектептің «Домбыра -Дастан» домбырашылар ансамблі Алматыда 8 маусым күні өткен «Жаз дәурен» халықаралық фестивалінің бас жүлдесін иеленіп, Астана қаласында өтетін суперфиналға жолдама алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған ансамбль Ақтау қаласында өткен «Атадан мұра» қоғамдық қоры ұйымдастырған бүлдіршіндер, мектеп оқушылары және жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған «Маңғыстау таланттары» республикалық байқауында бақ сынап, жүлделі 1-орын иеленген болатын.
Ансамбль құрамында өнер көрсететін өнерпаздар Сұлтан Ақмәрмәр, Кәрім Бағлан, Қараман Айдос, Сұлтан Арыстан, Сәуірғали Жанкелді, Сұлтан Қырымбек. Жетекшісі — Гүлбану Аманбаева.