Ақтауда қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мобилографтарға арналған «EcoMob - Ақтау» байқауы басталды. 5 айға созылатын байқауға қатысуға өтінімдер 20 қазанға дейін қабылданады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқау экологиялық тақырып шеңберінде болады. Атап айтқанда, қатысушылар көгалдандыру, қалдықтарды қайта өңдеу, энергия тиімділігі, вандализммен күресу, туризмді дамыту, эко-инновация, қоғамдағы эко-белсенділікті арттыру, қала кейіпкерлері, экологиялық кеңестер және суды үнемді пайдалану туралы бейнероликтер түсіреді.
Байқау талаптарына сәйкес 1,5 минуттық бейнеролик дайындау қажет. Қатысушылар өз бейнематериалын әр айдың 25-іне дейін info@ecomangystau.kz поштасына жіберуі керек. Ай сайын І, ІІ және ІІІ жүлделі орындармен үш жеңімпаз анықталады. Атап айтқанда:
І орын -100 000 теңге;
ІІ орын - 70 000 теңге;
ІІІ орын - 50 000 теңге.
- Байқаудың негізгі мақсаты - қала тұрғындары арасында вандализмге жол бермеуге, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына үлес қосу және жас мобилографтарды қолдау. Шара Ақтау қаласы әкімдігінің ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында өткізілуде. Байқау 10 маусым -31 қазан аралығында жүргізіледі. Байқауға қатысуға өтінімдер 20 қазанға дейін қабылданады, - деді Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева.
Толық ақпарат және бағалау критерийлері Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайтынан https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/documents/details/675320?lang=kk немесе www.ecomangystau.kz веб-сайтынан 8(7292)545211 және +7 775 412 4705 телефоны арқылы білуге болады.