Бейнеу ауданының тұрғыны, 6 баланың анасы Нұргүл Бөлебаева өз туған күнінде таңдауын жасап, аудан болашағы үшін дауыс берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Нұргүл Бөлебаева 1990 жылы 5 қарашада дүниеге келген. «Күйкен» орта мектебінде 11 жылдан бері ұстаздық қызмет етеді. Көпбалалы жас ана болашақ аудан әкіміне артар үміті зор екенін айтады.
-Сайлау менің туған күніммен тұспа-тұс келгені мені қуантты. Ендігі тілегім ауданымызды көркейтетін, өз ісіне адал, халықты қолдайтын әкім келсе екен деймін. Барлық үміткерлерге тек сәттілік тілеймін!, - деді Нұргүл Бөлебаева.
Айта кетейік, елімізде аудан, қала әкімдерінің сайлауы алғаш рет өтіп жатыр.