Бекет атаның алтыншы ұрпағы 88 жастағы Қалымбегі Тәшұлы Бейнеу ауданы әкімінің сайлау науқанына қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Барлық сайлаудан қалыс қалмайтын қария бұл жолы да болашақ аудан басшысына дауыс берді. 30 жылдан бері Бейнеудегі Бекет ата жерасты мешітінің шырақшысы болып қызмет ететін ақсақал бейбіт тұрмыс пен елдің бірлігі бәрінен қымбат екенін ескерді.
-Мен әркез сайлау науқанына қатысып, саяси маңызды өзгерістерге өз үлесімді қосып келемін. Өз таңдауымды жасадым. Сайланған әкім кім болса да ең бастысы ісіне адал, еңбекқор болсын деген тілек білдіргім келеді. Тек еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ауданымыз дами берсін, - деді Қалымбегі Тәшұлы.