Бейнеу ауданы әкімін сайлауға 42 жылдық тәжірибесі бар мұғалім Бақыт Махмұтқызы келіп, №113 сайлау учаскесінде таңдауын жасады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Айтуынша, алғаш рет өтіп жатқан сайлаудың Бейнеуден басталуы халық үшін ерекше құрмет.
- Бейнеу ауданы әкіміне үміткерлерге аналық, әжелік ниетімді білдіріп, дауыс беруге келдім. Бүгінгі сайлауда халықтың таңдауы болған әкім ел үмітін ақтайды деген сенімдемін. Сайлауда бейнеуліктер белсенділік танытып жатқаны қуантып тұр, - дейді ұстаз Бақыт Алдоңғар.
Айта кетейік, аудан әкіміне 3 азамат үміткер. Сайлаушылар сағат 20:00 дейін өз таңдауып жасап, дауыс бере алады.