Белсенді Ақан Дауыстыұлының бастамасымен Бейнеудің бір топ азаматы су басқан Құлсарыға көмекке аттанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Amanat партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы фейсбук парақшасында жазды.
Сондай-ақ Бейнеу ауданының әкімдігінде су тасқынына байланысты Call орталық (87078150190, 87021200603, 87292 2-20-41) жұмыс істейді.
Бұған дейін Атырау облысындағы Құлсары қаласына тасқын су кіре бастағанын хабарлаған едік.
Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінше, Құлсары қаласындағы 2 және 3-ауылға тасқын судың кіру қаупі туындады.
«Жем өзенінің арнасынан асып тасыды. Осыған байланысты аудандық жедел штаб Құлсары қаласындағы 2 және 3-ауыл тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру туралы штаб шешім қабылдады. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III-топтағы мүгедектер көшіріледі», - деп хабарлады аудандық әкімдік.