Ақтауда 4 сәуір күні қалалық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Жиында қалалық мәслихатына жаңадан сайланған депутаттарға куәлік пен төсбелгі табысталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырысқа Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ерғали Скендиров, қалалық сайлау комиссиясының мүшелері мен қалалық мәслихатынан шығып қалған депуттатардың орнына жаңадан сайланған депутаттар қатысты.
Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ерғали Скендиров №13 сайлау округі бойынша «M-StroyTrans» ЖШС бас директоры Бекзат Алапановқа, №14 сайлау округі бойынша жеке кәсіпкер Ержан Қожаевқа, №20 сайлау округі бойынша «Каспий жылу, су арнасы» МКК директорының орынбасары Ислам Үсеновке куәлік пен төсбелгі табыстады.