Бұл туралы білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар бойынша атқарылған істердің жай күйі туралы өткен жиында айтылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
-Бейнеу ауданы «Манашы» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны есепшісі Еңбек кодексі талаптарын бұзып, 02.08.2021 - 03.05.2022 жыл аралығында жалпы сомасы 6 551 387 теңге негізсіз, артық , жеке шотына төленгені анықталды. Сот үкімімен 3 жыл бас бостандығына айыру жазасы тағайындалды, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Хайруллин.
Сондай - ақ, үнемделген ақша қаражаттарын іске асыру кезеңіндегі сыбайлас жемқорлық бойынша берілген есепте Б. Хайруллин Ақтау қаласы білім бөлімінің №11 мектеп-лицейінің бас бухгалтері тұрақты негізде тиесілі жалақыдан жоғары, негізсіз қаражат (63 838 400 теңге) аударғанын айтты. Есепші сот үкімімен кінәлі болып танылған.