"AMANAT" партиясы Бейнеу аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Күн тәртібіндегі басты тақырып – аудан әкімі сайлауына партия атынан кандидат ұсыну. "Amanat-тың" аудандық филиалы өткізген коференция қаулысымен кандидат ретінде Рахымжан Шалбаев ұсынылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Конференцияға делегаттар, партия ардагерлері, БПҰ төрағалары мен депутаттық фракция мүшелері, сондай-ақ жастар қатысты.
Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы 2020 жылдың сәуірінен бері Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда. Оған дейін аудандық әкімдікте басшылық қызметте болған. Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы, "Amanat" партиясының Ақтау қалалық және облыстық филиалында басшы қызметтерін атқарды. Ал ең алғашқы еңбек жолын Бейнеу ауылындағы Калинин атындағы орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі қызметінен бастаған.