Ақтауда балабақшаның бірінде балаға зорлық-зомбылық көрсеткен тәрбиешіге қатысты іс қозғалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бүгін облыс прокуратурасы әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіп, «Мәншүк» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты фактіні анықтаған.
Осы ретте Ақтау қалалық полиция бөлімі ұстазға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 140 бабы, 2-бөлігі бойынша іс қозғады.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысын облыс прокуроры өз бақылауына алды.