Ақтауда 17 желтоқсан күні 19 шағын ауданда түнде болған төбелес жайлы кейбір БАҚ құралдары жалған ақпарат таратуда. Бұл жайлы облыстық полиция департаментінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
“17 желтоқсан сағат 01:13 шамасында 102 кезекші пультіне 19 шағын аудан 23 үй мекен-жайы бойынша төбелес орын алғандығы жөнінде шақыру түсті. Полиция басқармасына 33 және 34 жастағы күдіктілер жеткізілді. Бұл дерек ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді”, деді облыстық полиция департаменті.
Төбелесті басу үшін арнайы жасақ шақырылған деген ақпаратты полиция өкілдері жоққа шығарды.