Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспепкциясы жартасты соқпақ маңынан табылған жаралы аққуға қатысты редакция сауалына жауап берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
“Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Ақтау қаласының 4 ш/а полиция бекетіндегі аққу құсын алып кетті. Құс бүгін ветеринарлық дәрігерге көрсетіліп, Қаракөл көліне немесе теңізге жіберіледі. Себебі, бүгінгі таңда Ақтау қаласы аумағында жабайы жануарларды уақытша ұстайтын орындар жоқ”, делінген инспекция жауабында.