Қазгидромет мамандары 19 желтоқсан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қазгидрометке сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің бүкіл аумағында тұрақсыз құбылмалы ауа райы сақталады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, елімізде боран соғып, көктайғақ болады, екпінді жел тұрады. Маңғыстауда көктайғақ, тұман, желдің ұйытқу қатері 15-20 м/с.
Ал Ақтауда жаңбыр жауады. Күндіз 6-8 градус жылы, желдің жылдамдығы 9-14м/с. Түнде +2 + 4 градус, батыстан соғатын жел солтүстік батысқа ауысады, жылдамдығы секундына – 9-14м.