Ranking.kz-тің жүргізген есебі бойынша Қазақстанда 2023 жылы 120,9 мың жұп неке қиып, оның 17 мыңға жуығы ажырасқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мамандар еліміздегі ажырасудың негізгі себебі туыстардың араласуы (61%), моральдық шектеулердің жоқтығы (41%), ажырасу процесінің жеңіл болуы (25%) екенін атап өтті.
Қазақстанда ажырасу көрсеткіші бойынша көш басында Алматы бірінші орында тұр. Статистика бойынша 2023 жылы 2,3 мың адам ажырасқан. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы есеппен салыстырғанда 2,1%-ға аз. Одан кейінгі орынға Қарағанды облысы (1,5 мың) мен Астана қаласы (1,5 мың) жайғасты.
Ал еліміздегі ажырасу бойынша ең төмен көрсеткіштер үштігіне Ұлытау, Қызылорда және Маңғыстау өңірлері кіреді. Айта кетелік, Маңғыстауда 2023 жылы 5008 отбасы отау тіксе, оның 407 – сі ғана ажырасуға шешім қабылдаған.
Бір қызығы, ажырасу көрсеткіші жоғары болғанымен, қазақстандықтар неке институтын әлі де жоғары бағалайды. Зерттеулер көрсеткендей, Қазақстан жастарының 82,5%-ы (18-29 жас) отау құрып, өз болашағын некеде, берекелі шаңырақта деп есептейді.