Ақтау қалалық мәслихатының депутаттары № 2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қариялардың жағдайымен танысып, оларға мерекелік кеш ұйымдастырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қарттарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мерекелік шарада концерттік қойылымдар ұйымдастырылып, танымал әндерден попури шырқалып, ақ дастархан жайылды. Қариялармен түрлі тақырыптарда әңгіме өрбіді.
- Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. Еліміз аман болсын, - деді Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы Сембіғали Зәкенов.
Қазіргі уақытта орталықта 100-ге жуық қария бар. «Көңіл көңілден су ішеді» демекші, шара соңында қарттар үйіндегілер арнайы сыйлап келіп құттықтаған, осы арқылы елдігімізді танытып, көңіл-күйлерін көтерген, мәслихат депуттартарына алғаусыз алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.
Қалалық мәслихат төрағасының айтуынша, осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.