18 қыркүйекте Исатай ауданындағы "Севрюжья коса" жерінде балықтың қырылғаны анықталды. Келесі күні оқиға орнына табиғатты қорғау басқармасы мен ішкі істер бөлімі, ветеринарлық қызмет пен жергілікті атқарушы органдардың мамандарынан құралған жұмыс тобы барды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақжайыққа сілтеме жасап.
Экология департаменті мамандары су және топырақтан зертханалық талдау жасау үшін сынама алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, балықтың қырылуы Каспий теңізіндегі қума жел құбылыстарының нәтижесінде теңіз суының алыстап кетуіне байланысты болған. Қосымша ақпарат зерттеу нәтижесі бойынша хабарланады.