«Бизнеске жол» жобасы аясында 1000 астам кәсіпкердің заңды құқығы мен мүддесі қорғалды. Оның ішінде 34 кәсіпкерге қатысты негізсіз профилактикалық тексерулердің алдын алғандығы туралы Департаменті басшысы Шамурайт Шаменов айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерге кедергі келтірген 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, әрқайсысы 172,5 мың айыппұл төледі, - дейді Шамурайт Шаменов.
Осы орайда әкімшілік кедергілерге тап болған бизнес өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолығып, өздерінің құқықтарын қорғау мүмкіндіктері бар.