"Адай ата-Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Амал мерекесін тойлау бүгін де жалғасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстаулықтар жыл сайын Отпан тауындағы Амал мерекесін атап өтеді. Биылғы жылы шараны ұйымдастырушылар-Мұңал ата ұрпақтары.
Мереке бүгін де жалғасады. Қонақтардың назарына "Сәлем сөздің атасы" атты театрландырылған қойылым ұсынылады, содан кейін амалды салтанатты түрде тойлау басталады.
Бұдан әрі аудандық және қалалық шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы, ат жарыстар және басқа да спорттық іс-шаралар жоспарланған.
14 наурызда Мұңал ата ұрпақтары Қосай Ата ұрпақтарына бірлік алауы мен амалды мерекелеу эстафетасын тапсырады.
Еске сала кетейік, Отпан тау - Маңғыстау облысындағы ең биік нүкте. Оның шыңында 37 метрлік Адай ескерткіші және әкесінің екі қанатына айналған Құдайке мен Келімберді ұлдардың екі мұнара стеласы бар. Адай-ата тарихи тұлға және батыр болған. 2007 жылы оның құрметіне "Отпан тау" тарихи-мәдени кешені ашылды.