Жаңаөзен қаласының прокуратурасы алимент бойынша 6 млн теңге берешегі бар борышкерге қатысты істі сотқа жолдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Айыпталушы сотқа келуден жалтарған, осы негізде қала прокурорының өтінішімен сотпен бұлтартпау шарасы қамаққа алуға өзгертіліп, борышкерге іздестіру жарияланды.
Жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде борышкер Қостанай қаласынан анықталып, қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта алимент бойынша берешегі толық өтелді және қылмыстық іс негізінен қарау үшін сотқа жолданды.