Ақтауда 23 маусым — мемлекеттік қызметшілер күніне орай қала әкімдігінің ардагерлері марапатталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері Зубайда Құдайбергенова және Ада Ким қала әкімдігінде ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған.
Дубайда Құдайбергенова 1975-2010 жылдар аралығында Ақтау қалалық қаржы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. Ал Ада Ким қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы болып еңбек еткен. Сала ардагерлері облыс және қала әкімінің алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен және мерекелік медальдармен марапатталған.
- Мемлекеттік қызметте тәртіптің маңызы зор. Жұмыс барысында әрбір құжаттың уақытылы тапсырылуын қадағалау қажет. Сондықтан жас мемлекеттік қызметшілер әр жасаған ісіне мұқият болғаны жөн. 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында құттықтап келгендіріңізге қуаныштымын. Жұмыстарыңыз жемісті болсын, - деді мемлекеттік қызмет саласының ардагері Зубайда Құдайбергенова.