2023 жылы Ақтау қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы түнгі клубтағы төбелеске байланысты жұмыстан шығарылған еді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Төбелеске қатысты деген күдіктілер ішінде Мұнайлы аудандық ІІБ патрульдік полиция ротасының командирі де болған еді. Бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тергелді. Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдағы қызметінен босатылды.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті сот шешімімен соң Ақтау қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысының жұмысына қайта оралғанын мәлім етті.