Қалаға ауыз су беру магистральді құбырдың жөнделуіне байланысты уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілеме жасап.
Сағат таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін 16-шағынауданнан бастап, 20-шағынауданға дейін, 30- шағынауданнан бастап 35-шағынауданға дейін, сондай-ақ, 27 шағын аудан 39, 40, 41, 44, 45, 53, 54 тұрғын үйлері мен Толқын-1,2, Шығыс - 1,2,3 және Самал-2 шағынауданында су болмайды.
Қазіргі таңда қала бойынша судың қысымын реттеу үшін 7 дана көтергіш сорғы станциялары орнатылған. Ал қазір 4 сорғы станция коммуникацияға қосылған. Бүгін 3 сорғы станцияларын магистральді ауыз су құбырына қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- Қала бойынша су қысымына көп шағым түсуіне байланысты 7 сорғы станциялар орнатылды. Бұған дейін 6, 7, 24 және 11-шағынаудандарда 4 сорғы станциясы инженерлік желіге қосылды. Бүгін қалған 3 сорғы станциясын қосқаннан кейін, барлық 7 сорғы станциясы өз жұмысын бастайтын болады, - деді «Каспий жылу, су арнасы» МКК директорының орынбасары Ислям Үсенов.