Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізді. Операция барысында Атырау облысының 30 және 32 жастағы екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстың ПД-не сілтеме жасап.
Олар Ақтауға жалпы құны 3,5 млн теңгеден асатын «альфа-PVP» деп аталатын синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде телеграм мессенджері арқылы сату үшін әкелген.
Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу-алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы). Күдіктілер сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.