26 маусым күні Ақтау қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6656 әскери бөлімінен Ақтау қаласының жастары әскерге аттанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олар Шымкент қаласында орналасқан 6606 әскери бөлімінде отан алдындағы борыштарын өтейді.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында жас сарбаздарға әскери техникалар мен қару-жарақ түрлері көрсетіліп, қоян-қолтық ұрыс пен кинология саласының көрсетілімдері ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, әскери бөлім командирі мен ата-аналар болашақ Отан қорғаушылардың әскери қызметіне сәттілік тілеп, салтанатты түрде шығарып салды.