Облыс әкімінің телеграм-арнасында Ақтау тұрғыны 17 ш/а мен 18 ш/а арасындағы жаяу жүргіншілер өткелінің қашан қалыпқа келтірілетінін сұрады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- 17-18 ш/а арасындағы өткел қашан қалыпқа келтіріледі? Пандусы бар баспалдақ қашан жасалады?- дейді тұрғын.
Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, жақын арада бұл орынға жаңа аялдама салынбақ.
- Бұл аумақта жабдықталған аялдама салу жоспарлануда. Аялдама орнату барысында сіз атаған орында абаттандыру жұмыстары жүргізіледі,- деп жауап берді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдері.