12 шағынауданның тұрғыны Нұраддин Хуснадинов көпқабатты үйдің дәлізін безендірген. Зейнеткердің ынта-жігері және шеберлігімен жасалған дәліз барлық көрші-қолаңның демалыс орнына айналып үлгерді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жаңа демалыс орны №32 үйдің бесінші қабатында орналасқан. 71 жастағы Нұраддин Хуснадиновке балалар үшін қауіпсіз, көршілер үшін жайлы аймақты ұйымдастыру идеясы пандемия кезінде келген. Ұзақ уақыт бойы лайықты демалыста болған экскаватор машинисі, осылайша, көршілеріне жайлы кіреберіс жасауды ұйғарды. Алдымен қабырғаларды сырлап, балаларға арналған әткеншек пен шай үстелін орнатты. Бұл бастаманы көршілері де қолдады.
– Бәрі де кіреберіске іліп қойған бірінші суретімнен басталды. Содан кейін қабырғаларды бояуға, тақтайшаларды төсеуге кірістім. Көршілер де келіп, құрылыс материалдарымен көмектесе бастады. Қолдаулары мен көмектері үшін үлкен алғыс айтамын. Әйелім бәрін гүлдермен безендіруді ұсынды. Осылайша, өз бұрышымызды жасап алдық. Бұл аумақ көршілер үшін жасалған. Содан кейін балаларға арналған ойыншықтарды жинай бастадық. Қазір бізде балаларға арналған ойын алаңы да бар, олар үлкендердің бақылауында алаңсыз ойнайды, - деді Нұраддин Хуснадинов.
Жалпы үй дәлізін безендіруге екі жыл қажет болған. Тіпті, ақсақал алаңдағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камерасын да орнатқан.